14 Қыркүйек 2025 2025, 20:08 Фото: BAQ.KZ

Колумбияда күшті жер сілкінісі тіркелді

Колумбия аумағында магнитудасы 5,5 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Колумбия аумағында магнитудасы 5,5 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Фронтино қаласынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 13 шақырым тереңдікте болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.