Колумбияда халық ереуілі ушығып барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның астанасы Боготада халық ереуілі осымен 5 күн жалғасып келеді, деп хабарлайды 24.kz.

Қала көшелеріне шыққан жергілікті жұрт жемқорлыққа қарсы наразылықтарын білдіріп жатыр. Бұған қоса, олар полиция тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық пен үкіметтің экономикалық реформаларына да өз қарсылықтарын жеткізуде.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Иван Дуке әлеуметтік мәселелер мен жемқорлық жөнінде халықпен диалог жүргізуге уәде берген болатын. Енді ол наурыздың ортасына дейін өтуі тиіс.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы