10 Ақпан 2025 2025, 23:20
Фото: pixabay.com
Колумбияда футбол турнирінде бес адам қаза тапты
Колумбияда футболдан аймақтық турнир кезінде төрт футболшы найзағай түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Колумбияда футболдан аймақтық турнир кезінде төрт футболшы найзағай түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Mirror таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай Эль-Реаль ауылында өткен турнир кезінде болған. Найзағайдың соғуынан барлығы бес адам көз жұмған. Төрт футболшыдан бөлек, бесінші адам – ер адам ауруханада қайтыс болғаны айтылды.
Зардап шеккен екі әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.