Колумбияда бір мезгілде 16 мың музыкант қатысқан концерт өтті

Колумбияда 16 мың музыканттың қатысуымен ең үлкен концерт қойылып, әлемдік рекорд орнатылды.  Ел астанасы Боготада өткен мәдени шараға әншілер, музыканттар, балалар хоры қатысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ерекше қойылымда Бетховеннің симфонияларымен қатар “Латын Америка” атты туынды орындалды. Халық осылайша, елдегі қарулы қақтығыстар аяқталып, бейбіт бітімнің 6 жылдығын атап өтті. 

Айта кетейік, елде үкімет пен қарулы көтерілісшілер арасындағы қақтығыстар ондаған жылға созылған болатын.  

Соңғы деректер бойынша, мәселен, 1985 жылдан 2018 жылға дейінгі шиеленіс кезінде 450 мыңнан астам адам қаза тауып, 8 млн-ға жуық тұрғын көшірілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы