Колумбияда 3 тонна есірткі тәркіленді

Кокаинның ірі партиясы суасты кемесінде табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті полиция мұндай ірі партияны соңғы 30 жылда көрмеген. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Есірткі Тынық мұхиты арқылы Орталық Америкаға тасымалданбақ болған екен. Әскери-теңіз күштерінің деректері бойынша қылмыскерлер ірі көлемді есірткіні ұсақтап, 30 килограмнан жәшіктерге бөліп жеткізбек болған. 

Оқиға орнында 45-60 жас аралығындағы 3 ер адам ұсталды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Колумбия полициясының мәлімдеуінше, табылған есірткінің жалпы сомасы 87 млн долларға бағаланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы