Колумбияда венесуэлалық босқындарды қабылдайтын орталық ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Колумбияның шекаралас қаласы Майакода БҰҰ-ның атсалысуымен Венесуэла босқындарын қабылдайтын орталық ашылды, делінген ұйымның сайтында.

Қазір онда көптеген венесэлалық азамат жүр. Олардың басым көпшілігі медициналық көмекті қажет ететіндер, яғни балалар, қарт адамдар мен мүгедектер. Аталған орталық 350 адамға есептелген, дегенмен жақын арада кеңейтілмек.

«Бұл орталықта венесуэлалықтар уақытша баспанаға, тамақ, су, медициналық және өзге де көмекке қол жеткізе алады»,-деді БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссар басқармасының баспасөз хатшысы Андрей Махсич Женевада өткен брифингте.

2015 жылдан бері Венесуэладан 3,4 млн адам кеткен. 2,7 млн адам көрші Латын Америкасы мен Кариб бассайні елдерінен пана тапқан. Қалғандары әлемнің өзге түкіпіріне кеткен. Мигранттардың басым көпшлігін көрші Колумбия қабылдаған, қазір онда 1,1 млн венесуэлалық жүр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы