Колумбия екі аптаға коменданттық сағат жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешкі сағат 6-дан таңғы 5-ке дейін көшеде себепсіз жүруге болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жаңа шектеулер енгізуге коронавирустан қайтыс болғандар мен дерт жұқтырғандар санының артуы себеп. Ел президентінің мәлімдеуінше, жансақтау бөлімдерінде орын жетіспей жатыр. Пасха мерекесі кезінде барыс-келіс күрт көбейген. Енді аймақтарға барып келген адамдар 7 күнге дейін үйінде оқшауланады.
Соңғы дерек бойынша, Колумбияда 2 жарым миллиондай тұрғын екпе салдырып үлгерген. Бұл ел былтыр наурыздан қыркүйекке дейін 5 ай бойы жалпыұлттық карантинде болған еді.
Бірнеше аймақтағы эпидемиологиялық ахуал ушықты. Сондықтан біз тиісті шешімдерді дер кезінде қабылдап, қауіп-қатердің алдын алып, жағдайға байланысты әрекет етуіміз керек. Індет белгілері болса, үйден шықпаңыздар, – деп мәлімдеме жасады Колумбия президенті Иван Дуке.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 1421 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы