Колода: Бизнес қызметіне заңсыз араласу фактісі бойынша тікелей прокуратураға жүгіну құқығы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда бақылаушы, құқық қорғау және басқа органдардың көмегімен рейдерлік әрекеттерге баратындар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бүгін Мәжіліс «рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Депутат Дмитрий Колода айтқанындай, Президент өз жолдауында кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау органдарының шектен тыс араласуынан қорғау мақсатында кәсіпкерлерді рейдерлік және заңсыз әрекеттерден қорғауға бағытталған шараларды заңнамалық тұрғыдан әзірлеуді тапсырды.Прокуратура органдары жүргізетін қадағалау кәсіпкерлік мәселелерді шешуге бағытталған.
Қылмыстық кодекстің 249-бабының 1-1-бөлігінде рейдерлік үшін күштік деп аталатын әдістерді қолдануға байланысты, яғни бақылау, құқық қорғау және басқа органдарды қолданумен қылмыстық жауаптылық белгіленген. Рейдерлік тәркілеуді ұйымдастырушылар және оларға бюрократиялық ортада көмектесетіндер жауапқа тартылады, - деді депутат.
Ол қылмыстық кодекстің 365-бабында заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау әдістері егжей-тегжейлі көрсетілгенінін, санкциялар күшейтіліп, бұл қылмыс «ауыр» сипатқа ие болатынын айтты.
Азаматтар мен бизнестің мәселелерін шешуге прокурорлық қадағалауды қайта бағдарлау мақсатында «Прокуратура туралы» заңға сәйкес, кәсіпкерлерді қорғау бойынша жоғары қадағалау құралдарын күшейту, атап айтқанда, бизнес субъектілеріне мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының олардың қызметіне заңсыз араласу фактісі бойынша тікелей прокуратураға жүгіну құқығы беріледі, - дейді Колода.
Сонымен қатар заң жобасында мынандай өзгерістер көзделген:
- кәсіпкерлерді салықтық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың қолданыстағы шектерін қайта қарау;
- кәсіпкерлікті қылмыстық қудалау органдарының шамадан тыс араласуынан қорғау және тіркелген кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттерін соттың немесе прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асыру;
- рейдерлік пен құқық қорғау және бақылаушы органдардың кәсіпкерлерге қатысты заңсыз әрекеттеріне қарсы күресті күшейту, сондай-ақ бағалы металдардың заңсыз айналымына тосқауыл қоятын шаралар.