8 Қыркүйек 2026, 10:24

Колледж студенттерінің стипендиясы 43 мың теңгеге жетті

Қазақстандағы колледж студенттерінің шәкіртақысы соңғы уақытта екі есеге өсіп, 43 мың теңгені құрады.

Бүгінде Қазақстандағы 763 колледжде 556 мыңнан астам студент білім алады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, колледж студенттерін әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіліп, шәкіртақы мөлшері екі есеге артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары да кеңейтілді. Стипендия мөлшері екі есеге өсіп, 43 мың теңгеге жетті. Жатақханамен қамтамасыз ету деңгейі 10%-ға артып, 95,4%-ды құрады, – деді министр.

Сонымен қатар соңғы үш жылда жұмысшы біліктіліктері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 3,7%-ға өсіп, 131,4 мың орынға жеткен.

Колледждерге қабылдау 5,8%-ға артып, 57,8 мың студентке көбейген. Ал жұмысшы мамандықтары бойынша түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 68%-ды құрап, 3%-ға артты.

Айта кетейік, Қазақстанда колледждерге бөлінетін қаржы 34%-ға артты. Соңғы үш жылда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне мемлекеттік қолдау күшейіп, қаржыландыру, білім беру тапсырысы және студенттер саны артты.