Колледж директорына 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Арқалық политехникалық колледжі" КМҚК директоры ұрлық жасағаны үшін сотталды.
Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі білім басқармасының "Арқалық политехникалық колледжі" КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді,- делінген хабарламада.6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Оспанов А.С. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 млн 864 мың 950 теңге сомасында айыппұл төлейтін болды. Сонымен қатар, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
іQala орталығынан елордалықтар 119 қызмет түрін алады
Өзгелердің жаңалығы