Көліктің шығу тарихы. Қазақстандағы ахуал
Адамзат баласы бүгінде көлік құралын жиі пайдаланады. Тіпті әр адамның басында бір емес, бірнеше маркалы көлікті иемденетіндер де бар. Ал, бүгінде танымал көліктердің шығу тарихы туралы қандай ақпараттар бар, зерттеп көрелік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алғашқы қозғалтқыштар қалай жұмыс істеді?
Ең алғашқы автокөліктердің қозғалтқышы 1769 жылдан бастап шыққан және ол бумен жұмыс істеген. Николас Джозеф Кьюннот есімді француз бумен қозғалтқыш техникасын автокөлікке бейімдеуге тырысқан. Ал 1807 жылдан бастап газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш дүниеге келді. Оның авторы – Франсуа Исаак де Риваз болды. Бүгінгі автокөліктердің прототипін 1886 жылы неміс құрастырушысы Карл Бенц жасаған. Ол көлік төрт циклді қозғалтқышпен, дискінің орнына сымтемірлер керілген дөңгелекпен және қуат бөлетін генератормен жабдықталған.
Германия - автомобиль астанасы
Әлемде машина жасау өнеркәсібі бойынша жетекші орында Германия көш бастап тұр. Германияда Mercedes, Volkswagen, Audi, BMW сынды автокөліктерді шығарумен танымал. Алғашқы көлікті неміс инженерлері Даймлер мен Бенц 1886 жылы жанармаймен жұмыс істейтін автомобильдерді ойлап тауып, патенттеді. Cодан соң көлік шығару өнеркәсібіне ерекше дең қойылып, бүгінде Германия өзге мемлекеттермен теке-тіресіп тұр. Сондай-ақ Германияда өз көліктерінің тарихынынан сыр шертетін, түрін жинап, коллекцияға айналдыратын жандар көп. Қазірдің өзінде Германияда жалпы 26 көлік мұражайы бар. Сәті түскенде менде сол мұражайдың бірімен танысып шықтым. Бір қызығы,кез-келген мұражайдан отандық өндірушілердің барлық маркалы көліктерін жыл-жылымен таба аласыз. Сәйкесінше, көлік түрлерін тамашалау үшін келіп жатқан біз секілді туристер де көп болды. Байқағанымыз, бірнеше көлікті шығаратын зауыты бар Германия өз экономикасын туристерді осылай тарту арқылы да ілгерілетіп отыр.
Қазақстанда автокөлік өндірісінің тарихы – Нивадан басталады
Қазақстанда отандық автомобиль өнеркәсібінің тарихы 2003 жылдан бастауын алды. Алғашқы көлік – Нива автокөлігі. Ол уақытта өндіріс көлемі небәрі бірнеше мың бірлікті құраған. Шығарылатын өнім желісін тек Ваз маркасының автомобильдері құрады. Ал қалған бөлігі импортқа тиесілі болды.
2005 жылы Қазақстанға сырттан алғашқы ірі өндіруші КамАЗ келді. Кейін Daewoo, Hyundai, IVECO, ANKAI және басқа да маркалар өз өндірістерін ашты.
Қазіргі таңда елімізде 6 автозауыт 9 әлемдік брендтің 167 автомобиль моделін құрастырады. Skoda автокөлігін елімізде 2008 жылдың тамызынан бастап құрастырылуда.
Сондай-ақ «Lada» автокөлігі Өскемен қаласындағы зауытта жасалады. Мұнда Granta, Kalina, Largus, Vesta, Xray жалпы 7 түрі шығарылады.
Кореялық автокөлік «Hyundai» да халық алдында сұранысқа ие. Біздің елімізде бұл автокөліктің 3 түрі құрастырылады. Жалпы, қазіргі таңда Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттарының өндірісі қолға алынған. Тіпті елімізде сатылатын көліктердің 60 %-ы Қазақстанда шығарылған десек те болады. Бұл әрине көңілге қуаныш сыйлайтын жетістік. Осы көрсеткіштерге қарап Қазақстан да алдағы уақытта әлемнің алып мемлекеттерімен теке-тіресіп, елімізде Германия секілді отандық көліктерімізден құралған мыңдаған мұражайдың боларына бізде сенейік.