Көлікті мас күйде жргізген шетелдік ұсталды
Қарағанды облысында полицейлер мас күйде көлік жүргізген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы ІІД патрульдік полиция батальонының экипаждары жол-көлік оқиғаларының алдын алуға күш салып, күн сайын тынымсыз профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Тәртіп сақшылары шаршаған жүргізушілерді кемпингтерге тоқтап, демалуға шақырады.
Кезекті көлікті тоқтату кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық тексеру орташа ауырлықтағы масаңдықтың барын растады.
Полицейлер сотқа материалдарды дайындау барысында құқық бұзушының көрші мемлекеттің азаматы екенін, оның миграциялық картасының мерзімі өтіп кеткенін анықтады, - деп жазылған хабарламада.
Көлік құралын мас күйінде жүргізу, сондай-ақ көші-қон заңнамасын өрескел бұзу фактілері бойынша материалдар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда есірткі сатқандардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған
Келесі жаңалық
Өткен жылы қанша адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды
Өзгелердің жаңалығы