Көліктердің ретсіз жүруінен Бозжырада 750 гектарға жуық жер бүлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Маңғыстау облысындағы «Бозжыра» шатқалынан 4 шақырым қашықтықта салынатын қонақ үйге байланысты қоғамдық тыңдауда көліктердің ретсіз келуінен бұзылған жол мәселесі көтерілді.
Бозжыра туристерінің, оның ішінде жол талғамайтын көліктердің табиғи шекарасына ретсіз келгендіктен, табиғи топырақ жамылғысы нашарлайды. Қара жерде автомобильдерден көтерілген шаң өсімдіктерге қонады. Осылайша, жануарлардың популяциясына зиянды әсер етеді. Мысалы, дала кеміргіштерінің популяциясына кері әсерін тигізеді. Сондықтан Бозжыраны сақтаудың жолы - мәдениетті туризмді дамыту, - деді Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Омар Сарсенғазиев.
Оның айтуынша, жол талғамайтын көліктер қолдан жасаған 7 жол бар.
Көліктердің жолсыз жүруінің салдарынан, экологтардың бағалауынша, 750 гектарға жуық жер бүлінген.Бұл тек соңғы үш жылда. Болашақта жағдай айтарлықтай нашарлайды. Бұл мәселенің шешімі - бірыңғай асфальт жол салу. Мұндай қадам, мамандардың пікірінше, жердегі жүктемені азайтады, - деді табиғи парктің басшысы.
Еске салайық, қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бозжыра аумағында қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы