5 Мамыр 2026, 19:19
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Көлікте ұйықтап қалған ер адамның телефонын ұрлап кеткен: Оқиға камераға түсіп қалды
Күдікті бұрын сотталған 35 жастағы ер адам болып шықты. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, тергеу жүргізілуде.
Әзербайжан Республикасы Баку қаласының Нәсими ауданында көлікте ұйықтап қалған ер адамның телефоны ұрланды.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, белгісіз адам түнгі уақытта жәбірленушінің «Chevrolet» маркалы автокөлігінен ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Полиция жүргізген жедел іс-шаралар барысында ұрлық жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған 35 жастағы И. Ейнуллаев ұсталды.
Тергеу барысында оның жәбірленушінің көлік ішінде ұйықтап отырғанын және автокөлік есіктерінің ашық болғанын пайдаланып, қылмыс жасағаны анықталды.
Оқиға сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33