17 Ақпан 2026, 11:44 Фото: Ақмола облысының ПД

Көлікке таласу: Бұрынғы жұбайлар арасындағы ерегіс қылмыстық іспен аяқталды

Олардың арасындағы жанжал көлікті ұрлауға дейін жеткен

Бұрынғы ерлі-зайыптылардың жанжалы көлікті ұрлап әкету қылмыстық ісімен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақмола облысында полиция қызметкерлері автокөлікті ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыс туралы ақпарат Көкшетау қаласының полиция басқармасына келіп түскен. 

Белгісіз адам KiaSoul маркалы автокөлікті ұрлап кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы Астанаға қарай бағытталған.

Оқиғаға көлік иесінің бұрынғы жұбайының қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Олардың арасындағы жанжал көлікті ұрлауға дейін жеткен. Хабарлама түскеннен кейін бірден барлық патрульдік экипаждар мен іздеу бөлімшелері көлікті іздеуге бағытталды. Астана-Көкшетау автожолының 251 - ші шақырымында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері іздеуде жүрген автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші ұсталып, мән-жайларды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.