Алматы облысында көлік әйелі мен күйеуін қағып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарықтандырылмаған Алматы-Бесмойнақ трассасында әйелді, кейін оның күйеуін көлік қағып кеткен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, әйел оны әкеліп тастаған көліктен түсіп, жолдан өтіп бара жатқан. Жолдың келесі бетінде оны күйеуі күтіп тұрған. Осы кезде келе жатқан көлік тезегішті басып үлгермей әйелді қағып кеткен. Күйеуі әйеліне қарай көмекке жүгірген. Сол кезде оны екінші көлік қағып кеткен. Алған жарақатынан әйел сол жерде көз жұмған. Ал күйеуінің аяғы сынып, оны ауруханаға алып кеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нанның ішінен ыдыс жуатын губка шықты
Өзгелердің жаңалығы