Көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рөлге отырды: Бес күнде 115 адам қамалды
Көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырған 245 адам ұсталды. ІІМ олардың 115-іне қандай жаза қолданды?
ІІМ көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың рөлге отыруына қатаң тосқауыл қоюда. 5 күнде 115 адам қамауға алынды.
Polisia.kz мәліметінше, жол қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты. Өкінішке қарай, кейбір жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылса да, автокөлік тізгініне отырады. Сот тыйым салса да, олар заңды әдейі бұзып, басқалардың өміріне қауіп төндіреді. Соңғы бес күнде полиция осындай 245 жүргізушіні ұстады.
Оның 115-і әкімшілік қамаққа алынды, 130-на айыппұл салынды. 245 көліктің бәрі арнайы айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады ІІМ.
ІІМ ұстанымы айқын: құқығынан айырылған жүргізуші көлік тізгініне отыра алмайды. Ешқандай ерекшелік жоқ. Полиция мұндай жүргізушілерге қатаң шара қолданады. Бұл жай ғана қағида емес.
Бұл адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі.