Көлік жүргізіп келе жатқанда өртенсе не істеу керек

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары көлік жүргізіп келе жатқанда өртенсе не істеу керектігін айтты. Нұсқаулық веомствоның телеграм-арнасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автокөлік жүргізу кезінде өртенген жағдайда:

  • үрейленбеңіз;
  • көліктің қозғалтқышын тоқтатыңыз және өшіріңіз;
  • көліктен шығып, жолаушыларды қауіпсіз қашықтыққа (кемінде 10 метр) кеткеніне көз жеткізіп, түсіріңіз;
  • 112 нөміріне қоңырау шалыңыз;
  • егер өрт аз болса және жану кезеңінде болса — өрт сөндіргішті пайдаланып, өртті өзіңіз сөндіруге тырысыңыз;
  • егер өрт салонда басталса, терезелер мен есіктерді қажетсіз ашпаңыз. Оттегінің жетіспеушілігінен жалын сөніп, жану сатысына өтуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан екі көлікті сөндіргенін хабарлаған еді. Атап айтқанда, Жамбыл және Қарағанды облысында тұрғын үй аумағында жеңіл автокөлік өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер оларды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы