Көлік жанып кетті: Атырауда ана мен бала құтқарылды

Атырауда үй ауласында тұрған көлік отқа оранып, ана мен бала эвакуациланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласы Сарықамыс-2 ы/а, У.Танашов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөлік жанып жатқаны туралы шақырту түскен.

Өрт сөндіру қызметі шақырту орнына дереу жетіп, жанып жатқан автокөліктің жанында орналасқан уақытша тұрғын үйге өрттің көшу қаупі барын анықтады. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде уақытша тұрғын үйден 1996 ж.т. ана мен оның 2025 ж.т. сәбиі түтін аумағынан эвакуацияланды, - делінген хабарламада.

Ана мен балаға ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы