Көлік ұрлығы үшін іздеуде болған Өзбекстан азаматы Павлодарда ұсталды

Ер адам алты жыл бойы іздеуде жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Ризабек Жанат мәлім етті.

Өткен жылы 6 жыл бойы іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын қолға түсірдік. Ол ел аумағында алаяқтықпен айналысқан. Бұл адам дроппер болған. Яғни, алаяқтықтан түскен ақшаны өзінің сыбайластарына жіберіп отырған. Сыбайластарымен Telegram желісі арқылы жұмыс істеген. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу жүргізілуде. Істі сотқа жіберу жоспарланып отыр, – дейді Ризабек Жанат.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Павлодар қаласы өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Толқын Нұрмахин тұрғындарға алаяқтардан сақтану жайлы ескертті.

Көбінесе үлкен жастағы адамдар алданып жатады. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін өзіңіз жайлы ақпаратты еш жағжайда ешкімге беруге болмайды. Олар өздерін банк қызметкері ретінде таныстыруы мүмкін. Картаның нөмірін және артындағы CVV санын сұрайды. Мұндай жағдайда әңгімені тоқтатып, банк картасын бұғаттаған жөн, – дейді Толқын Нұрмахин.

Оның айтуынша, қаржылық пирамидалар кез келген ұйымның атын жамылып жұмыс істей береді. Әдетте өзін инвестициялық кәсіпорын ретінде таныстырады. Сондықтан мұндай жағдайда тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pavlodarnews.kz
Өзгелердің жаңалығы