"Көлік, шуба, бриллиант – бәрі соның үстінде": Тұрсынбектің көңілдесі туралы айтқан Мөлдір көзіне жас алды
Қазақстандық продюсер Мөлдір Мұқанова алғаш рет отбасылық өмірі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ажырасуы туралы айтып, журналист Жанар Байсемізге ашық сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Халықтан ештеңе жасыра алмайды екенбіз" деген продюсер бұған дейін тіпті құрбыларыма да айтпаған құпиямен бөлістім деп отыр.
Дәл осы әңгімені Тұрсынбектің өзі айтуы керек еді. Мен сол сәтті күткен болатынмын. Біреудің аялап өсірген қызын әйелдікке алған уақытта аманат ретінде алады екенсің. Мені аманат қылып алды. Балаларымыз да адал махаббатпен дүниеге келді. Ер азаматымызды алға қойған қазақтың қызымын. Ештеңені міндетсінбеймін, оның бәрін мөлдір махаббатпен, адалынан, шын ниетпен жасалған әрекеттерім. Аяғы жоқ, соңы жоқ нәрселерден шаршадым. Отбасымдағы нәрсені сыртқа шығармайтын адаммын. Қазір ішімде үлкен қара тас тұрған сияқты. Тұрсынбек ер азамат ретінде елдің алдына шығып, «Отбасыма қатысты дүниелер айтып жатырсыздар. Бала-шағам өсіп қалды. Әлеуметтік желіде бәрі белсенді. Қаншама жыл отандасқан жұбайыма ауыр сөйлеп жатырсыздар. Өтініш, Мөлдірге тиіспеңіздерші» деген бір сөз күттім, - деді продюсер.
Айтуынша, заңды некелері 7 айдай уақыт бұрын бұзылған.
Біздің заңды некеміз бұзылды. Екеуміз екі жаққа кеттік... Бұл жағдайдың басталғанына 14 жыл болды. 14 жыл үндемей келдім, ішімде сақтадым. Үміт... Бес балам жылағанша, бір өзім жылайыншы, толыққанды отбасы болып қалайыншы деп жүрдім. «Күйеуіңіздің көңілдесі бар. Пәтер, көлік алып берген. Қымбат шуба, бриллиант – барлығы қазір соның үстінде» деген хаттарға да үндемедім. Шетелге барып келген екеуі, - деп ағынан жарылған Мөлдір Мұқанова сұхбат барысында көзіне жас алды.
Тұрсынбекті әлі де сағынатынын айтқан Мөлдір ел алдына шығып, сұхбат беру оңай болмағанын айтты.
Тұрсынбекпен өткізген әдемі сәттерді, махаббатқа толы жылдарды сағынамын. Кешірім сұрап келген Тұрсынбек жоқ. Бір күні Тұрсынбектен: «Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?» деген смс келді, - деді продюсер.