Көлік саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері қаралды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Көлік комитеті және көлік бақылау инспекцияларымен бірлесіп, көлік саласында мемлекеттік қызметтердің сапасын нығайту мақсатында кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, кеңес барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде оның орындалу мерзімінің сақталмауы мен заңнамалардың бұзылуы, сондай-ақ кейінгі 3 жылда салалық ақпараттық жүйелерде байқалған ақаулар талқыланды.
Жиынның қорытындысына сәйкес апта сайын көлік бақылау инспекцияларымен өзекті мәселелерді қарау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен сапасына бақылауды күшейту ұсынылды.
Бұған қоса Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті жүйелі кемшіліктерді алдын алудың амалдарын ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Грузия Үкіметтерінің басшылары кездесті
Өзгелердің жаңалығы