Көлік құрылысын дамытқан сайын ЖІӨ де артады – Жәнібек Тайжанов
Биыл төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, экономиканың басты салаларында өсу қарқындығы жылдамдаған. Атап айтқанда, көлік - 22,4%, сауда – 7%, ауыл шаруашылығы - 3,9%, байланыс саласында - 2,6%-ды көрсеткен.
Осы орайда ЖІӨ өсімі мен оны қолдауды қамтамасыз ету туралы сұрақтарға Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов жауап берді.
- Мемлекет басшысының саладағы өндіріс көлемін ұлғайту мен өсім үрдісін нығайту бөлігіндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
- Өткен жылдың қорытындысы бойынша көлік-логистика саласындағы негізгі көрсеткіштер оң нәтижеге ие. Транзит 7,1%-ға ұлғайып, 34,6 млн тоннаны құрады.
Негізгі капиталға орындалған қызметтер мен инвестициялар көлемі былтырмен салыстырғанда 8,5%-ға (8,5 трлн теңге) және сәйкесінше, 29,6%-ға (3,5 трлн теңге) тең болды.
2025 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша "Көлік және қоймалау" физикалық көлем индексі 122,4%-ға жетті.
ЖІӨ өсіміне "Көлік және қоймалау" саласының үлесі 3 296,3 млрд теңге деңгейінде көрсетілген қызметтің жалпы көлемі кезінде 1,35%-ды көрсетті.
Көлік қызметі құрылымында негізгі үлесті жүк тасымалы (1 951,8 млрд теңге, 59,2%) мен жолаушылар тасымалы (461,1 млрд теңге, 14,0%) иеленіп отыр.
Ал қызметтің көп көлемі келесі қызмет түрлеріне тиесілі болғанын атап өту керек:
Қоймалау мен қосымша көлік қызметтері – 855,2 млрд теңге (ФКИ – 146,9%);
Теміржол көлігі (жүк тасымалы) – 675,9 млрд теңге (ФКИ – 113,9%);
Құбыр желісі көлігі – 645,3 млрд теңге (ФКИ – 113,1%);
Автомобиль көлігі (жүк тасымалдау) – 605,2 млрд теңге (ФКИ – 125,1%).
2025 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша "Құрылыс" ФКИ 116,2%-ға жетті.
"Құрылыс" ФКИ құрылымында көлік саласына тиесілі құрылыс жұмыстарының үлесі 17,9%-ды көрсетті. Көлік құрылысының бөлінген құралды меңгеру арқылы ЖІӨ өсімі 0,12%-ды құраса, құрылыстың жалпы үлесі ЖІӨ өсіміне 0,7% деңгейінде болды.
- Елдің ЖІӨ жалпы өсіміне сала қандай үлес қосуы мүмкін?
- Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректеріне сәйкес, орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1 438,4 млрд теңгеге тең болды. Оның ішінде көлік құралына 255,6 млрд теңге тиесілі. Атап айтқанда:
жол мен автомагистраль құрылысы – 170,8 млрд теңге;
халықаралық және республикалық мәнге ие автожолдар құрылысын, жөндеуді реконструкциялау мен күтіп-баптауды ұйымдастыру – 0,8 млрд теңге;
теміржол мен метро құрылысы – 81,3 млрд теңге;
көпір мен туннельдер құрылысы – 2,7 млрд теңге.
Айта кететін жайт, 255,6 млрд теңгені меңгеру ЖІӨ-нің 0,12%-ға өсуіне қамтамасыз етті. Бұл салымның жоғары тиімділігін білдіреді. Көлік құрылысына инвестицияның әр 1 трлн-ы әлеуетті түрде ЖІӨ-нің 0,5%-ға өсімін қамтамасыз етеді.
- Өзіңіз жұмыс істейтін ведомство ел экономикасының даму көрсеткіштерін жақсартудың келешегін қалай көреді?
- Көлік министрлігінің ЖІӨ өсуіне қатысты салаға жалпы жиынтық үлесі 2025 жылы қаңтар-сәуір айларында 1,5%-ға теңесті.
- 6 пайыздық көрсеткішті ұстап тұру кедергі болуы ықтимал қандай да бір кедергілер бар ма?
- Көлік-логистика саласының жақын және орташа мерзімді келешекте даму тәсілдері 2029 жылға дейінгі ҚР ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Республикасы көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында, 2023-2027 жылдарға арналған Көлік министрлігінің даму жоспарында айқындалған.
Өсімнің белгіленген қарқынын қамтамасыз ету мақсатында теміржол, әуе, автомобиль көлігі мен автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр.
Биыл "Достық-Мойынты" теміржолдарының екінші жолдарының, Алматы қаласының айналма жолының, Ақтау қаласы акваторийіндегі контейнерлік хабтың құрылысы бойынша жобалар аяқталады. Магистралдық теміржол желілерінің 1480 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Автожол саласы бойынша 13 мың шақырым қамтылады. Өткізудің жаңартылған бекеттер саны 17 бірлікке тең. Азаматтық авиация саласында үш туристік дестинацияларында, бұл – Зайсан, Қатон-Қарағай мен Кендірліде – аэродром кешендерін тұрғызу бойынша жұмыстарға 130 млрд теңгеден астам сомаға инвестиция салынды.
Қазақстанда халықаралық әуехабтарын дамытуға ерекше назар аударылып жатыр. Бұл жүк айналымын 2 есеге, 500 мың тоннаға дейін және жолаушылар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыс аясында әуе кемесі паркін ұлғайту, халықаралық маршруттар желісін кеңейту қарастырылған.
125 теміржол вокзалдарының құрылысы және жөндеу жұмыстары жоспарда бар. Сонымен қатар 210 локомотив, 1200 вагон мен 6 теңіз флоты кемесін сатып алу жүзеге асырылады.
Сондай-ақ саладағы өсім қарқынын сақтап қалуға көрші мемлекеттер арқылы жаңа маршруттарды дамыту, сонымен қоса қолданыстағы инфрақұрылымның күйі де әсер етеді.
Оған теміржол желісі бөліктерінің тозуы, жылжымалы құрамның жеткіліксіздігі, шекараны кесіп өсу бекеттерінің шектеулі өткізу қабілеті, сондай-ақ транзитте контейнерлерді кедендік тексеру кезіндегі қиындықтар жатады.
Осы кедергілерді жою мақсатында министрлік (Көлік министрлігі – ред.) көлік инфрақұрылымын жаңарту мен жөндеу, жылжымалы құрам мен теңіз кемесін жаңарту, өткізу бекеттерін техникалық жабдықтау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара әрекетті нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Мұның барлығы көлік саласындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуге көмектеседі.
- Әңгімеңізге рахмет!