Көлік қозғалысына шектеу қойылды: бірнеше бағытта жол жабық

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста көлік қоғалысына шектеу қойылып, бірнеше бағытта жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 9 желтоқсан күні сағат 07:00-де ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Ақмола облысы бойынша:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Үспенка – РФ шекарасы» автожолының 36–200 км аралығы (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) жабылды.

Қарағанды облысы бойынша:

  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 км бөлігі (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы).
  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067–1135 км учаскесі (Молодёжный ауылы – Павлодар облысының шекарасы).

Жолдар ауа райы жақсарған жағдайда 2025 жылғы 9 желтоқсанда сағат 15:00-де қайта ашылады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы