Көлік нөмірлері белгілерін беру ережесі өзгереді
ІІМ Қазақстанның үш жаңа облысы үшін цифрлық кодтарды бекітті
ҚР Ішкі істер министрлігі авто және мотокөліктерге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру ережелеріне өзгерістер енгізді. Түзетулер 2026 жылдың шілде айының соңынан бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, негізгі өзгерістер көліктің жекелеген санаттары үшін әріптік серияларды кеңейтуге, сондай-ақ жаңа облыстардың цифрлық кодтарын ресми түрде бекітуге қатысты.
Мәселен, шетелдік азаматтарға, шетелдік заңды тұлғаларға және азаматтығы жоқ тұлғаларға тіркелген мотоциклдер, мотороллерлер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін бұрынғы екі әріптік серияның (H және F) орнына енді алты серия қолданылады: H, F, G, I, J және K.
Бұл ретте, шетелдік азаматтар мен шетелдік компаниялардың атына рәсімделген жеңіл және жүк автомобильдері үшін ереже бұрынғыша қалады – олар үшін әлі де F сериясы қолданылады, – делінген құжатта.
Бұдан бөлек, ІІМ Қазақстанның үш жаңа облысы үшін цифрлық кодтарды бекітті:
-
Абай облысы - 18;
-
Жетісу облысы - 19;
-
Ұлытау облысы - 20.
Тағы бір өзгеріс «иностранцы» (шетелдіктер) терминіне қатысты болды. Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес «шетелдік азаматтар» деген тұжырымдамамен ауыстырылды.
Еске салайық, бұған дейін жүргізушілер «әдемі» нөмірлерді үйден шықпай-ақ таңдай алатыны хабарланды.