Көлік министрлігі елімізде салынатын әуежайлардың құрылыс мәселелерін талқылады

Көлік министрлігінде Бас көлік прокуратурасы, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, әуежайлар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте ұшу қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, әуеайлақ талаптарын құрылысты реттеу және бақылау мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері бүгінде орын алған кедергілердің нақты санын анықтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақты аймақтарға бөлуді белгілеу мәселесіне бастамашылық жасады.

Кеңес барысында көлік министрі Марат Қарабаев барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіру мен жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР әуежайлары маңындағы құрылыс процестерінің барысына ашықтық пен қатаң бақылауды қамтамасыз ететін тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

Жергілікті атқарушы органдарға әуеайлақ маңындағы аумақта бұрын салынған құрылыстарды ерекше бақылауға алу және жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы