Көлік министрі Қытайдың логистика саласындағы жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесті

Көлік министрі Марат Қарабаев Үрімші және Бейжің қалаларында көлік және логистика саласындағы қытайлық ірі көлік компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың қатарында:
- Khorgos International Freight Forwarding Co. Ltd. (Қорғас халықаралық жүк тасымалдау компаниясы);
- Xinjiang China European Joint Logistic Company (Қытай мен Еуропаның Шыңжаңдағы бірлескен логистика компаниясы);
- China Railway No. 2 Engineering Group Co., Ltd. (жобалау, құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларға мамандандырылған ірі қытайлық құрылыс компаниясы);
- Changjiang Construction Investment Co., Ltd.(инфрақұрылымды салуға және дамытуға инвестициялауға маманданған компания);
- YTO Express Co., Ltd. (компания Қытайдың ең ірі логистикалық компанияларының ондығына және «үлкен бестікке» кіреді);
- Commercial Aircraft Corporation of China (COMAC, Қытайдағы азаматтық ұшақтардың ең ірі мемлекеттік өндірушісі);
- China Railway Intermodal Transport Information Technology Co Ltd. (мультимодальды тасымалдау және көлік логистикасы саласындағы ақпараттық технологиялар мен басқару жүйелеріне маманданған компания);
- PetroChina International (мұнай, газ және мұнай өнімдерінің халықаралық саудасына маманданған).

Келіссөздер барысында көлік бағыттарын кеңейтуді, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитті жақсарту, сондай-ақ логистикалық процестерді оңтайландыру үшін инновациялық технологияларды енгізумен қатар, ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Қытайдың көлік және логистикалық инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған перспективалы жобаларға өзара іс-қимыл мен инвестициялаудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Көлік министрлігі
Өзгелердің жаңалығы