Көлік министрі: Дарбаза–Мақтаарал желісі 2026 жылы аяқталады
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бүгінде барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
“Орталық Азия” халықаралық өндірістік кооперация орталығы бойынша Дарбаза–Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы жалғасуда, 2026 жылы аяқталады, - деді министр.
Ұзындығы 152 км болатын жоба Мақтаарал ауданын магистральды теміржол желісімен қосады, қуаттылығы – жылына 20 млн тонна.
Қазір 8,8 млн м³ көлемінде жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. 106 км рельс-шпал торын төсеуге дайындалды. Құрылысқа 380 техника жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы