Көлік кептелісі: Алтын Орда базары маңында кері бұрылу эстакадасы ашылды

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылғы 17 шілдеде «Алтын Орда» базары жанындағы «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының учаскесін күрделі жөндеуден өткізуге байланысты сол жерде «таға» түріндегі бұрылу эстакадасы пайдалануға берілді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының жазуынша, эстакаданы Алтын Орда базары маңында көлік кепетелісін болдырмау үшін тұрғызған.

Көпірді пайдалануға беру кезінде технологиялық регламентті сақтау және жобалық шешімдерге сәйкестігін бағалау мақсатында «таға» типі бойынша бұрылу эстакадасы автокөлігінің нақты жүктемесі әдісімен сынақтар өткізілді, онда эстакада конструкциясына жүктемелердің әсері өлшенді, оның қорытындысы бойынша автокөлік үшін қозғалыс ашуға тиісті шешім берілді,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы