Көлік кептелісі. Әлемдегі ең нашар 85 елдің ішінде Қазақстан 51-орында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік қозғалысының шамадан тыс жүктелуі бойынша әлемдегі ең нашар 85 ел рейтингінде Қазақстан 51-орынға тұрақтады. Ел трафигінің индексі 128,37-ні құрады.
Индексті бағалау кезінде:
- Жұмысқа барар жолда жұмсалатын уақытқа жұмысшының қанағаттану дейгейі;
- Жұмысқа жетуге кеткен уақытының тиімсіздігі;
- Көлік қозғалысы барысында CO2 (көмірқышқыл газының) шығарылуы;
- Жалпы әлем елдеріндегі көшедегі қозғалыс жүйесінің тиімсіздігі есепке алынды.
Рейтингке сәйкес, Қазақстанда жұмысқа жету үшін қазақстандықтар орта есеппен 33,64 минут жұмсайды екен. Бұл тек жұмысқа жетуге жұмсалатын уақыт. Сондай-ақ елде көмірқышқыл газының шығарылу индексі 4040,36-ны құрады. Бұл ретте жұмысқа барып қайтқанда шығарылатын көмірқышқыл газының көлемі есептелді, - делінген хабарламада.
Осы орайда қолайсыз елдер рейтингін Нигерия, Коста-Рика және Кения бастап тұр. Ал керісінше жайлы елдер қатарында Дания, Эстония және Австрия тәрізді мемлекеттер рейтингтің ең соңғы тармағына жайғасты. Бұл мемлекеттерде жұмысқа жету үшін 25 минут жеткілікті екен.
2021 жылдың қаңтарында Қазақстанның көлік-логистикалық саласына 26,6 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп. Жалпы 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бұл секторға салынған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгені құрады. Ол көрсеткіш 1 жылда 11,1%-ға көбейді.
Қаңтарда көлік-логистикалық саласына бөлінген қаражаттың ең көп бөлігі - 12,6 млрд теңге Қостанай облысына жұмсалды. Жылдық өсім бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,4-ға көп. Қостанайдан кейін Алматы облысы (3,4 млрд теңге, бір жыл бір жыл бұрынғыкөрсеткіштен 13,6-ға көп) және Нұр-Сұлтан (1,8 млрд теңге, жылына минус 21,2%) орналасты.
Сонымен қатар қаңтарда Шымкент қаласының логистикана аз инвестиция салынғаны анықталды. Бұл 73,9 млн теңге, яғни жылына минус 75,4%.