+28

"Көлік кедергі келтіріп тұр ма?": Енді иесіне аноним хабарлама жіберуге болады

Қазақстанда автокөлік жүргізушілеріне арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді кез келген азамат мемлекеттік нөмір арқылы көлік иесіне аноним хабарлама жібере алады. Бұл қызмет туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз, – деді министр Үкімет отырысында.

Айта кетейік, жоба Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы