Көлік инспекциясының қызметкерлері 5 өңірдің кәсіпкерлерін бопсалаған
Олар габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізу үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларын жүргізді.
Оның аясында Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшысын ұстады.
Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалады деп күдікке ілінді. Қазір Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылық полицейлер «Саяхат» автовокзалындағы тұрақтарды жойды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы