"Көлігі қарға көмілген": Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан ер адамның денесі табылды

Қарағанды облысында 18 желтоқсан күні мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, ер адам жеңіл автокөлікпен мал іздеуге шығып, үйіне қайтып оралмаған. 

23 желтоқсан күні шамамен сағат 11:00-де іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын жоғалып кеткен зейнеткерге тиесілі автокөлікті анықтады. Көлік Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықтықта, Ортау ауылы бағыты бойынша, таулардың ортасындағы дала жолынан табылған. Автокөлік қарға көміліп қалған. Автокөлік салонын тексеру кезінде көліктен ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында аңға шығып, жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы