Көлгінов Тұрсын Жұртбайды мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов  профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты.

Ұлт тарихы мен әдебиеті қос қанаты іспеттес болған Тұрсын Жұртбайды ұлағатты ұстаз, саналы ғұмырын отандық ғылымды дамытуға арнаған айтары мол азамат ретінде жақсы біледі, шексіз құрметтейді. Тәуелсіздік жылдарында ұлт санасын жаңғыртуға сүбелі үлес қосып келесіз. Ұлы Абайды, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовті, өткен ғасырда қазақты ұлт ретінде жаңа сатыға көтерген Алаш қайраткерлерін тыңғылықты зерттеп, көптеген құнды еңбек жаздыңыз. Көп жыл көз майыңызды тауысып, архив ақтардыңыз, бұрын бізге беймәлім болып келген тарихи ақтаңдақтарды, құнды құжаттарды жарыққа шығарып, ғылыми айналымға енгіздіңіз. Сіздің «Дулыға», «Кетбұға», «Құнанбай», «Ұраным Алаш», «Алаш ақиықтары» сынды еңбектеріңіз қазақ әдебиеті мен тарихы ғылымында ерекше бағаланады және өз оқырманын тапқан айрықша туынды саналады ,- деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Әкім айтқандай, қазақта «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деген тәмсіл бар. 

Кітап болып қапталған қүнды еңбектеріңіз әлі талай буынға рухани азық болары сөзсіз. Сіз ұстаздық жолында толайым табысқа жетіп, мықты шәкірттер тәрбиелеп келесіз. Олар да өзіңізден ақыл-кеңес алып, ел ғылымын дамытуға үлес қосып жүр. Құрметті Тұрсын Құдагелдіұлы, 70 жас мерейтойыңыз тағы да құтты болсын, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы