Көлгінов пен Байбекке қатысты іс қозғалғаны рас па? – Бас прокуратура жауабы

Бұл сұраққа Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы істермен айналысатын қоғам өкілдері Көлгіновтің елорданы басқарған сәтінде өте көп заң бұзушылыққа жол бергенін айтты. Соған байланысты іс қозғалды ма, тексеріс жүргізіліп жатыр ма?» деп сұрады тілшілер Бас прокуратура өкілінен.

Астананың бұрынғы әкіміне қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр ма немесе сотқа дейінгі тексеру тағайындалды ма, ол туралы ақпараттан хабарым жоқ, - деп қысқа қайырды Бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ журналистер Алматының бұрынғы әкімі мен елге белгілі партия аппаратының басшысы болған Бауыржан Байбекке қатысты ақпаратты нақтылап, оның қайда жүргенін сұрады.

Байбек бойынша да оған қатысты тексеріс жүргізілді ме, ешқандай хабарым жоқ. Оның қайда жүргенін де айта алмаймын, - деді Әсет Шындалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура өкілі бұрынғы Әділет министрінің елден қашпақ болғаны туралы ақпаратты растаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы