Көлгінов маңғыстаулық мұнайшыларға қатысты пікір білдірді

Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Жаңаөзеннен келген мұнайшылардың мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбекақыға көңілдері толмаған Жаңаөзендегі бір топ жұмысшы Астанаға келді. Сондай ақ Жаңаөзенде де көшеде отқан мұнайшылар бар. Олар жалақының өсуін талап етеді. Өзенмұнайгазға жұмысқа орналаса алмай жүр. Ал, Қазмұнайгаз тендер өткізіп, 4 тендерді де 1 компания жеңіп алған. Енді біраз мұнайшы жұмыссыз далада қалайын деп тұр..., - деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.

Көлгіновтің айтуынша, бәрі заң аясында шешілуге тиіс.

Қазіргі таңда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерде жұмысшылар берген жұмысқа келіспеуде. Сондықтанда Қазмұнайгаздың қарамағындағы компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жұмысшылармен Энергетика министрлігінің комитет төрағасы және Қазмұнайгаз өкілдері кездесті, - деп жауап берді Премьер-министрдің орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы