Көлгінов ЛРТ-ға қатысты ұсыныстарымен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлігінов ЛРТ жобасы бойынша түскен ұсыныстарды айтып берді.

Бұл туралы әкім BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасындағы сұхбатында айтты.

Ұсынылған жобадан бөлек тағы бірнеше нұсқаларын қарастырдық. Президент тапсырмасына сай тағы бірнеше нұсқаларын қарауды тапсырған еді. Ұсынылған кеңестің бірі  ЛРТ тректерін бөлшектеу. Өздеріңізге мәлім, ол құрылыстың бетондары  200-220 тоннаға жетеді. Конструктция күрделі. Егер есептесек, бізге 20 млрд теңге қажет болады. Бұл ЛРТ жобасын бөлшектеп, сол алаңды тазалауға кететін қаржат көлемі. Бұл бюжеттегі қаражаттың тиімсіз жұмсалуына әкеледі, - деді қала әкімі.

Ол келесі нұсқаның  ол урбанистикалық жоба екенін және ол тәжірибе жүзінде қолданылмағанын атап өтті.  

Онда жобаны аялдама не велосипед алаңына немесе қоғамдық көлік жүретін алаңға айналдыру. Бұл жоба қымбат түседі. Яғни, қымбат жоба болмақ. Қоғамдық көлік қатынасы ретінде өзгерте толықтай өзгерте алмаймыз. Өйткені  ЛРТ ұзындығы 22 км екені белгілі. Сондай-ақ біздің климаттық жағдайды ескерер болсақ, біз урбанистикалық жоба тек жылы айларда ғана қолдана аламыз, - деді ол «20:22»  жобасында. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы