Көлгінов көшедегі көне ғимараттарды не істейтінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Дүкенұлы көшесі, 21 (Сарыарқа ауданы) мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды

Қаланың ескі бөлігінде кейбір аудандар едәуір ескірген. Жайлылыққа ерекше көңіл бөлеміз: тұрғын үйлерді жөндеп, тұрғындар үшін үлкен аулалар, саябақтар мен скверлер саламыз, апатты үйлерді бұзамыз. Бүгін Дүкенұлы көшесі, 21 (Сарыарқа ауданы) мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездестім. Бес қабатты жатақхана 1966 жылы салынған, шамамен 170 бөлме бар. 600-ге жуық адам тұрады. Тұрғындарда электр, су, кәрізге қатысты мәселелер туындайды. Сонымен бірге ғимарат іші суық, бұл денсаулыққа, әсіресе балалар мен аға буынға теріс әсер етеді. Үйге техникалық тексеру жүргізу кезінде тозу 60% - дан астамды құрайтыны анықталды, ғимарат апатты деп танылды. Ол тізімге қосылды - дедіқала әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, тұрғындармен кездесу барысында тізімге 90 жыл бұрын салынған апатты үйлер де енгізілді. 

Осы жылдың соңына дейін ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 50-ден асса, 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады - деді Алтай Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы