Көлгінов, Қасымбек, Тұрымов вакцинация кестесінің сақталуын қамтамасыз ете алмай отыр
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда үш облыс вакцинация салдыруды кестеге сәйкес жүргізе алмай отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Оның айтуынша, аймақтарда 188 мың дозаға жуық вакцина бар, жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы айдың соңына дейін 2 миллион азамат вакцина ала алады.
Өңірлерде күнделікті вакцинациялау жоспарының орындалуын бақылау қамтамасыз етілді. Бекітілген кестеден үш өңір артта қалып тұр. Олар - Нұр-Сұлтан қаласы және Маңғыстау, Қарағанды облыстары. Осыған байланысты аталған аймақтардың әкімдіктері вакцинация кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Қолданылмаған вакциналар басқа аймақтарға таратылатын болады, - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Ол қажеттілікті ескере отырып, вакцинациялау пункттерінің саны үнемі артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде аймақтарда иммундау 1 051 пунктте жүргізілуде.
Сонымен қатар вакцинацияға 303 жылжымалы вакциналық топ шалғай аудандарда, ұйымдастырылған топтарда және адамдар көп шоғырланған жерлерде егуге қатысады. Иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкері қосылды.
Сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларында вакцинация пункттері сауда орталықтарында, базарларда орналастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әсет Ерғалиев: Ел экономикасы 3,1%-ға дейін жақсарды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы