Көлгінов кәсіпкерлерді тал егуге шақырды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаланы көгалдандыру жоспары туралы мәлімдеді.
Елордамыз жыл сайын көркейіп келеді. Бұрын батпақ, қараусыз қалған жерлер "жасыл аралдарға" айналып жатыр. Биыл 1 миллионнан астам, яғни рекордтық көлемде жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде елорданың жасыл белдеуінде де отырғызамыз. Бұл жасыл "оазис" қаласын құруға мүмкіндік береді – деді ол өз сөзінде.
Қаланың барлық аудандарында соңғы бірнеше апта бойы "Бірге - таза Қазақстан" экологиялық айлығы өтіп жатыр.
Бүгін "Астана Балет" маңындағы аумақта ағаш отырғызуға қатыстым. Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық мүшелерімен бірге Нұр-Астана мешітінің жанына ағаш отырғыздық, сондай-ақ әріптестерімізбен бірлесіп, ботаникалық бақта ағаш отырғыздық. Бұл жұмыстарға қала тұрғындары мен еріктілер белсенді қатысуда. Алғыс айтамын! – деді әкім.
Ол Кәсіпкерлерді, СОО/СО/ШОБ басшыларын, ОСИ (ПИК) басқарушыларын іргелес жатқан аумақтарды белсенді көгалдандыруға шақырды.
Осылайша, сіз өз нысандарыңыздың эстетикалық келбетін жақсартып, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, экологияны жақсартуға да елеулі үлес қосасыз! Тек саябақ аумақтарын, тұрғын үйлер мен аулаларды абаттандырып қана қоймай, сонымен қатар қаламыздың көрікті жерлерін де көгалдандырамыз. Мысалы, "Астана Опера" аумағында емен бағы, Триатлон саябағында сирень бағы болады. Саябақтарда, скверлерде, бульварларда суару жүйесі 5 есе жақсарды. Суару жүйесі автоматты және механикалық режимде жүзеге асырылады.
Нұр-Сұлтандағы экологиялық аймақтар саны жыл сайын өседі.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ел мен қалаларды ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өтті, — деп жазды елорда әкімі.