Көлгінов: Қаламызды одан да жайлы ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Әкім X Азаматтық форум мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысыннан кейінгі ойымен бөлісті.

Жыл сайын қала өміріне қажет, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласатын тұрғындар саны артып келеді. Бұл қуантарлық жайт. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен үздіксіз жұмыс жүргізіп, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, экология және т.б. салаларда бірлесе жұмыс істеп келеміз. Бүгінде елордада 4,5 мыңға жуық ҮЕҰ жұмыс істейді, -деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов қалада дамып келе жатқан үш жобаға тоқталды.

Бірінші: Әлеуметтік орталықтар

Ынтымақтастықтың арқасында қалада бірқатар әлеуметтік орталық ашылды.Тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізу үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы құрылды, онда 70-тен астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Ашылған сәттен бастап орталыққа 100 мыңнан астам адам жүгініп, көмек алды. Егде жастағы тұрғындардың өтініші бойынша белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (Ардагерлер үйі) ашылды. Онда зейнеткерлер бос уақыттарын бірге өткізіп, спортпен шұғылдана алады, -деді әкім.

Сонымен қатар ол ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған бірқатар оңалту орталығы ашылғанын, олар – «Ерекше балалар», «Асыл Мирас», «Ерекше аналар», «Орда», «Балам-ай» және т.б атап өтті.

Біліктілікті арттыру және жұмысқа орналастыру орталықтары да бар. Олардың қатарына «Кәсіпкер ана», «Бақытты Шаңырақ», «Strong Mothers», «Bilim All», «Астана Алтын Шаңырақ Ұясы» және т. б. жатады, -деді Алтай Көлгінов.

Екінші. «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы.

Бұл жоба қоғаммен диалогтың бір үлгісі болып саналады, өйткені қала тұрғындары өз ауласына қандай өзгеріс керек екенін өздері шешеді. «Халықтың бюджетке қатысу» жобасына барлық аудан қатысады. Тек осы жылдың өзінде аталған жоба бойынша 50-ден астам аула абаттандырылды. 2021 жылы барлығы – 200 аула және қоғамдық кеңістік абаттандырылды, - деді елорда басшысы.

Үшінші: Атаулы көмек көрсету

Атқарылып жатқан жұмысқа волонтерлер, ҮЕҰ, қайырымдылық ұйымдары сүбелі үлес қосып келеді. Өткен жылдан бері 70 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды. Сол сияқты жасы үлкен кісілердің үй шаруасына, өзге де әлеуметтік маңызды қиындықтарын шешуге көмектесеміз. Ел басшылығы азаматтық қоғамның рөліне «азаматтық қоғамның дамыған институттары - саяси жаңғыртудың басты жолы» деп ерекше көңіл бөледі. Жанашыр тұрғындармен бірлесе отырып, қаламызды одан да жайлы ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз! – дейді Көлгінов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы