Көлгінов: Ізгі істер мен жақсылық жасап жарысайық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қасиетті Рамазан айында азық-түлік жиынтығы төрт мың мұқтаж отбасыға таратылатынын мәлім етті.
Әлеуметтік акцияларды іске асыруда тұрақтылыққа назар аударамыз. Қасиетті Рамазан айын игі істерге және қайырымдылық акцияларын өткізуге арнаймыз! Төрт мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратамыз. Тізімді қалыптастыруға қалалық және республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов те көмектеседі. Ораза ұстап жатқан жандар үшін "Рамазан Box's" жасалады. Әлеуметтік көмекті барлық ұлттарға көрсетеміз. Бизнесмендерімізді, ірі кәсіпорындардың басшыларын және топ-менеджерлерді қайырымдылық акцияларына қатысуға шақырамын! Құранда айтылғандай, бір-бірімізге ізгі істер мен жақсылық жасап жарысайық, - деп жазды Көлгінов.
"Қайырымды істер" марафоны аясында наурыз айында 4 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығын таратылды.
Азық-түлік жиынтықтарын таратуда еріктілер мен қала тұрғындары көмек көрсетеді. Олармен әрдайым бірлесе жұмыс істейміз. Пандемия барысында да дәрі-дәрмектерді, медициналық маскаларды тасымалдау, зейнеткерлердің аулаларын қардан тазарту, ағаш отырғызу және т. б. жұмыстар атқардық.
Қасиетті Рамазан айы – бірлік, рухани тазару, төзімділік және өзара көмек айы! Ораза пандемияға байланысты белгілі бір шектеулерде өтіп жатыр. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін ауызашарды адам жинап өткізуге тыйым салынады. Бірлігімізді көрсетіп, жағдайдың маңыздылығын түсіну керек!, - деп жазды елорда әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі заты табылды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы