Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып берді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең бастысы, қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлікті алу мүмкіндігін жасау. Ақмола облысының сиыр және құс етін, сүт және басқа да өнімдерді өндірушілерімен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым, - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.
Осы орайда ол әрбір өндірушімен делдалсыз ынтымақтаса отырып, әкімшілік кедергілер жойылатынын жеткізді.
Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді. Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығының және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды, - деді Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биологиялық қорғаныш костюмін дұрыс қолдану маңызды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы