Көлгінов елордалық зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Қала әкімі Алтай Көлгінов «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Біздің әрбір тұрғынымыз қаланың дамуына өз үлесін қосты. Аға буынымызға алғыс айтқым келеді. Олар түрлі салаларда еңбек етті, бірнеше ұрпақ тәрбиелеп, жастармен тәжірибе бөлісті, жастарға жол сілтеді. Мемлекет жағдай жасайды: зейнетақы мен түрлі төлемдердің мөлшері артады, қарттарды қолдау бойынша шаралар қабылдануда және т.б. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында зейнеткерлер қызметтердің толық спектрін алады. Өз тарапымыздан қаланың әлеуметтік орталықтарын алдағы уақытта да қажетінше қолдаймыз. Қарты бар ел-қазыналы ел. Біз аға буынымызды бағалаймыз және құрметтейміз. Сіздерге ұзақ өмір және мықты денсаулық тілеймін, - деді Алтай Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда төбелес шығарған ресейліктер ұсталды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы