Көлгінов елорда халқының көбеюі қандай проблема туындатып отырғанын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Елордамызда қала тұрғындарының саны едәуір артып жатыр. 10 жылдың ішінде тұрғын саны 2 есеге артты. Мысалы, 2010 жылы 650 мың халық болса, биыл 1,2 млн халықты құрап отыр. Ол әлеуметтік мәселелерге, жол, мектеп салуға салмақ түсіріп жатыр. Сол үшін біз тиісті шешім қабылдауымыз керек, - деді Көлгінов.
Ол атағандай, жыл сайын қалада адам саны 50 мыңға көбейеді.
Бұл ішкі көші-қон мен демографиялық жағдайға байланысты болып отыр. Бұл, әрине, қуантатын жағдай. Бірақ тұрғындардың көбеюіне қатысты жаңағыдай мәселе туындайды. Халық саны көбейген сайын қолжетімді баспанаға деген сұраныс өсіп отыр. Үлескерлік тұрғын үй де 15 мың отбасыға қатысты болып отыр. Халық көбейген сайын мектеп санын да көбейту қажет. Газдандыру мен жылумен қамту да аса маңызды сала болып есептеледі, - деді астана әкімі.
Қала әкімі инвестиция тарту да өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының «еститін мемлекет» қағидасы аясында халықпен кері байланысты арттыру мақсаты тұр, - деді Алтай Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы