Көлгінов Astana LRT құрылысы қалай жүріп жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазір құрылыс маусымы басталған соң Astana LRT бойынша жұмыстар қайта жанданды. Талаптар келісімде көрсетілгендей қалды. Қытай және отандық серіктестер келісім бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірақ ол айтарлықтай белсенді емес. Белсенді жұмыс қаржы түскен кезде басталады. Қазір байқау өтіп жатыр. Банктарды таңдау қарастырылуда. Қаржы көзі анықталған соң жұмыс белсенді бола түседі, - деді Көлгінов.
Ол атағандай, бетон, құрылыс-монтаж жұмысы басталмай тұрып техникалық сараптама жүргізіледі.
Айта кетейік, Көлгінов осыған дейін қызметтік көліктен бас тартқанын және қазір такси қызметін қолданатынын айтты.Техникалық бақылау қызметі бар. Тексеру бойынша сарапшылар жұмыс жүргізіп жатыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызметтік көліктен бас тартқан Көлгінов таксимен жүретінін айтты
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы