Көлгінов көпбалалы аналармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов ерекше қажеттілігі бар балалардың күтімімен айналысып отырған аналармен кездесті. Бұл туралы қала басшысы өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.

Кездесу барысында тұрғын үй, медициналық көмек және қосымша білім алу, жұмысқа орналасу, балаларды оңалту үшін жағдай жасау мәселелері көтерілді.

Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Оңалту орталықтарының желісін кеңейтеміз, ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеждің құрылысы басталды. Сонымен бірге жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылады (балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар). Инватакси саны екі есе артты. Медициналық көмек алуға, жұмысқа орналасуға және қосымша білім алуға көмектесеміз - деді әкім.

Кездесуде айтылған мәселелер жұмысқа алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы