Көлеңкелі экономикамен күресте цифрландыру көмектеседі – әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфирінде сауда саласын одан әрі дамыту, қала базарлары мен электронды коммерцияның жұмысы туралы айтты.
Сауда – қала экономикасындағы жетекші сала, оның үлесі шамамен 33%. Алматыда 14,4 мың кәсіпкер бизнесін жүргізетін 52 базар бар. Дәстүрлі сауда өркениетті форматқа көшірілуде. 23 базарды модернизациялауға 20 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Соның есебінен жұмыс орындарының саны 2,4 мыңға көбейді.Базарларды онлайн-кассалармен толық қамту үшін салық жинау үлесін 25%-ға дейін арттыру бойынша шаралар жоспары әзірленді. 2021 жылдың қаңтарында тауарларды сату, жұмыс істеу және қызмет көрсету бойынша айналым 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8%-ға өсіп, 328 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың соңында тауар сату айналымы 4032 млрд тг құрады.
Көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары аясында онлайн-сауданы дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қалада шамамен 970 интернет-дүкен бар, бұл елдегі интернет-дүкендердің 60%-ын құрайды. Оларға барлық онлайн-сауда мен қызметтердің 71%-дан астамы тиесілі. Өткен жылы электронды сауда арқылы 26,4 млрд теңге салық түсті немесе 2019 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасы Қайрат Сарыбайды қабылдады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы