Көлеңкелі экономика: Биыл Смайылов аудит жүргізеді

Биыл көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит жүргізілмек. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, көлеңкелі экономиканы қысқарту – бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту үшін маңызды фактор.

2022 жылы оның үлесі жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,8%-ға дейін төмендеген. Сонымен бірге салықтарға қатысты жоспардың 1,4 трлн теңгесі орындалмаған. Осы мәселені түсіну үшін біз биыл көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит жүргізуді жоспарлап отырмыз, - деп айтты ол.

Сонымен қатар бас аудитор кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет пен банктердің өзара жауапкершілігін біріктіру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бизнесті қолжетімді және “ұзақ мерзімді” қаражатпен қамтамасыз ету керек.

Ол үшін тиімді ақша-кредит саясатын іске асыру өте маңызды. Сондай-ақ экономиканы дамыту үшін сақтандыруды кеңейту бойынша пәрменді шаралар қажет, - деп санайды Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы