6 Қыркүйек 2022 2022, 23:35
Көктөбедегі өрт сөндірілді
Алматыда Көктөбе баурайында тұтанған өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматыда Көктөбе баурайында тұтанған өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
6 қыркүйек күні сағат 18:58-де Алматы қаласы ТЖД өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78-үй маңындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Келген бойда алдын ала болжам бойынша 3 га алаңда тау баурайы учаскелерінің жанып жатқаны анықталды. Қаланың өзара іс-қимыл қызметтерінің күштері мен құралдары дереу ұлғайтылды. Сөндіру күрделі рельефпен, желдің күшеюімен және күннің қараңғы уақытымен қиындады.
Қабылданған жедел шаралармен сағат 20:22-де толық оқшаулауға қол жеткізілді. Сағат 20:35-де өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.